Қыс кезінде мұндай іс-шаралар балаларға денсаулық, күш пен қуаныш әкеледі. Сырғатпатаяқпен, доппен, шанамен достасатындар суыққа берілмейді және аязға батыл қарсы тұрады! Іс-шара таза ауада өтті. Мерекеге «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының балалары нағыз спорттық командаларға айнала отырып, қатысты. Жарыс басталар алдында көңілді бой сергіту өтті. Содан кейін баба Яга балаларға қонаққа келді. Баба Ягамен бірге балалар қысқы спорттық эстафеталарды орындады: шанамен жарыс; сыпырғышпен ұшты; қармен ойнады; түрлі-түсті мұздан қаршықтарды қойды. Барлығы ұсынылған тапсырмаларды сәтті орындап, көңілді уақыт өткізді! Балалар өздерінің күш - қуатын, ептілігін, ұйымшылдығы мен ынта-жігерін көрсетті! Бұл біз аяздан қорықпайтынымызды және таза ауада белсенді, көңілді уақыт өткізуге дайын екенімізді дәлелдеген күн болды!