" tppabs="https://fonts.googleapis.com/css?family=Montserrat%3A700%2C400%2C600%2C500&display=swap&ver=3.7.5" type='text/css' media='all' />
Skip to content

12 қарашада “Зиновий –синичник” немесе “Шымшық күні” мерекесі атап өтіледі

12 қарашада “Зиновий –синичник” немесе “Шымшық күні” мерекесі атап өтіледі. “Табиғатқа дос боп кір” экологиялық жобасы аясында “Балапан” ортаңғы тобының тәрбиеленушілері бұл мерекенің тарихын, шымшықтардың қай жерде өмір сүретіні, олардың сыртқы келбеті, мінез-құлқына тән ерекшеліктері, не жейтіні, қандай пайда әкелетіні туралы білді. Сондай-ақ, балалар қыстайтын құстар туралы жұмбақтар шешті, қимыл-қозғалыс және дидактикалық ойындар ойнады, өнімді іс-шараларға көп көңіл бөлінді. Ал балалармен серуендеу кезінде олар құстардың үйшік оттықтарын қарастырып, жем салды, балалар олардың еңбектері бекер емес екенін қуана талқылады, ал шымшықтар қиын уақытта көмектесуге деген шынайы ниеттерін бағалады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *