"Күншуақ" тобында мектеп жасына дейінгі балалардың үйде қауіпсіз жүріс-тұрысы туралы білімдерін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.Балалардың қауіпсіздігі бойынша жұмыста жетістікке тек тәрбиеленушілердің ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы қол жеткізуге болады, өйткені баланың балабақшада алатын білімі отбасы жағдайында бекітілуі керек.